🏆«Asia Brand» жиһаз фабрикасы ел Президентінің «Алтын Сапа - 2023» сыйлығының жеңімпазы атанды!
Нарықта 13 жылдан астам уақыт үлкен жиһаз ассортименттері бар, Қазақстанның барлық өңірлеріне тауар өндіретін «Asia Brand» жиһаз фабрикасы бүгінде Түркістан облысындағы жетекші кәсіпорын саналады.
Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өнімнің сапасы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай – ақ ұйымның сапаның басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі.